«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесіне айналды.

Жаңалықтар
27 наурыз 2025
«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесіне айналды.

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» компаниясы (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қоюдың негізі болатын бизнес-жоспарды дайындау процесін бастау құқығын береді.

Осылайша, «Астана Моторс» пен Changan ынтымақтастықты тереңдетуге және Қытайдың интеллектуалды төмен көміртекті технологияларға маманданған жетекші автоконцернінің негізгі брендтері — Changan, Deepal және Avatr-ды Польша Республикасында бірлесіп дамытуға дайын.

Меморандумға қол қою рәсімі Еуропада Changan бренді «Sharing the Future» («Болашақты бірге бөлісеміз») ұранымен іске қосылуы аясында өтті. Салтанатты шараға Германия, Польша, Ұлыбритания, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Грекия және басқа да елдердің бизнес өкілдері қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:

Басқа жаңалықтар

www.test.codus.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.