Цвет кузова

ТЕРЕҢ ЖАСЫЛ
Көліктің суреті сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Инновациялық LED-оптика
Инновациялық LED-оптика

Капоттың хромдалған жолағына күндізгі жүріс жарығы кіріктірілген, радиатор торымен бірге олар жарқын үш өлшемді бейне қалыптастырады. ARRIZO 8 төмендегідей жүйелермен жабдықталған:

  • таяу/шалғай жарықты автоматты түрде ауыстырып қосу,

  • “Follow me home”,

  • жарық сенсоры және динамикалық айналу сигналдары.

Толықтай LED-оптиканың футуристік танымал стилі мен әсерлі элементтері бір қарағаннан-ақ арбап алады.

Кез келген жағынан қарағанда жақсы
Кез келген жағынан қарағанда жақсы

ARRIZO 8 артқы жарықдиодты шамдары автокөліктің ені мен көлемін айшықтап көрсететін көлденең сызықпен біріктірілген. Шанақтың ойластырылған акценттері мен нәзік сызықтары әдемі және үйлесімді көрінеді. Артқы қанаттың дизайны модельдің аэродинамикасын, жылдамдыққа ұмтылысын көрсетеді. Қосарланған түтін шығару түтіктері ARRIZO 8 стильді спорттық бейнесін толықтырады.

R18 алюминий дискілері
R18 алюминий дискілері

Екі түсті дизайндағы 18” алюминий дискілер автокөлікке жарқын, сонымен бірге премиумдық көрініс береді, ал қызғылт сары тежегіш суппорттары ARRIZO 8 автокөлігінің өжет спорттық мінезіне сілтеп тұрады. Максималды қауіпсіздік үшін әрбір шина сымсыз температура және қысым датчигімен жабдықталған.

Экстерьері

Сәнді бизнес-седан
Сәнді бизнес-седан
Әсерлі

Шанағының әсерлі сұлбасы мен күшті тұлғасының сызықтары динамиканың визуалды бейнесіндей, энергия мен арынды өмірлік қуат сезімін тудырады.

Өжет темперамент
Өжет темперамент
Ұшқыр

Радиатор торының «Х» тәрізді пішіні мен өткір геометриялық пішіндер ұшқыр мінезі мен өжет темпераментін көрсетеді, тіпті агрессия белгілерін де береді.

Стиль эстетикасы
Стиль эстетикасы
Сырбаз

Үшкір және жатық сызықтар айқастырыла өріліп жасалған автокөліктің ұзартылған сымбатты сұлбасы мәнерлі пішіндерін айшықтайды, ұшқыр динамика мен қуатты көрсетеді.


станьте владельцем ARRIZO 8

img

Стиль кеңістігі
Стиль кеңістігі
Атмосфералы

M1X платформасы жүргізуші мен барлық жолаушыларға барынша жалы кеңістікті қамтамасыз етеді. Дизайнның жатық сызықтары әрлемесінің жоғары сапалы үйлесіміне тамаша сай келеді. Күшейтілген дыбыс оқшаулауы сапарыңызды бұрынғыдан да жағымды әрі жайлы етеді.

Орап әкететін интерьер
Орап әкететін интерьер
Жеке

Сүйір жатық пішіндер, сапалы материалдардың сәнді үйлесімі, жайлы жылы жарық және екі 12,3" HD-дисплейі бар үлкен цифрлық басқару аймағы Сізді премиумдық жайлылық атмосферасына шомдырады.

Қозғалысты басқару орталығы
Қозғалысты басқару орталығы
Технологиялы

Жүргізуші орындығының 6 бағыттағы және бел тіреуінің реттемесі, жылытқыш, желдеткіш, баптаулар жады, анатомиялық орындықтар, авиациялық бассүйегіштер, премиумдық SONY аудиожүйесі – Сіздің назарыңызға лайықты деңгей.

Бәрі бақылауда
Бәрі бақылауда

DCT7 роботтандырылған беріліс қорабының электронды басқаруы барынша жатық ауыстырып қосуды және трансмиссияның жоғары ПӘК-ін (~ 96%) қамтамасыз етеді. Электрлі тұрақ тежегіші тұраққа қойған кезде сенімді, ал AutoHold қысқа аялдаулар кезінде автокөліктің уақытша ұсталып тұруын жүзеге асырады.

Қауіпсіздік 5★
Қауіпсіздік 5★

10 қауіпсіздік жастығы, күштік қаңқасында 80% беріктігі жоғары болаттың болуы, 12-ден аса ADAS белсенді қауіпсіздік жүйесі, C-NCAP сынағындағы 5★ - осының бәрі әрбір жолаушының максималды қауіпсіздігін қамтамасы етеді.

M1X платформасы
M1X платформасы

2780 мм-ге дейін үлкейтілген дөңгелек базасы, толықтай тәуелсіз көп иінтіректі аспа 186 аттың күшін беретін қуатты энергия айналымы тиімді 1.6TGDI қозғалтқышымен бірге әрбір бұрылыстан жүріп өтуден шынайы ләззат алуға мүмкіндік береді.


станьте владельцем ARRIZO 8

img
технические
Маркетингтік акцияларды есепке алғандағы ең жоғары қайта сату бағасы. Оферта емес. Толық ақпаратты CHERY ресми дилерлерінен нақтылаңыз
характеристики

Получить консультацию
ARRIZO 8
img
Дополнительное
оборудование
Широкий спектр технических улучшений и аксессуаров, созданных для повышения комфорта, безопасности и функциональности
Узнать больше